Шымкент тұрғыны қызғалдақ тергені үшін 3 жылға сотталады

cover Esther Westerveld

Шымкент қаласының тұрғыны Түркістан облысында жабайы қызғалдақ теремін деп басы бәлеге қалды. Оның Қызыл кітапқа енгізілген сирек өсімдік екенін тұрғын білмеуі де мүмкін.

Бұл туралы Orda.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Шымкент тұрғыны Ақбастау ауылының маңындағы жайылымда ұсталды. Оны аудандық полиция бөліміне жеткізді. Жұлынған гүлдерді Қызыл кітапқа енгізілген Грейгтің қызғалдақтары екендігін анықтау үшін сараптамаға жіберілді.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 339 бабы бойынша тіркелді. Күдікті 3 мың АЕК-ке дейін айыппұл не болмаса 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады. Сондай-ақ, мүлкін тәркілеумен, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейін айыра отырып, үш жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Еске салсақ, сәуір айының басында жолбарыс, Орта Азия барысы және Пржевальский жылқысы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар