Шымкент әкімдігінің насихаты: жағымды ақпарат неше тұрады?

cover

Шымкент әкімдігі бір жылда ақпаратты насихаттауға 1,5 млрд теңге жұмсайды. Бұл қаражат тек жергілікті басылымдардың қолына ғана емес, сондай-ақ басқа да аймақтарға тиеді. Оның ішінде Nur.kz, Tengrinews пен Zakon сайттары ондаған млн теңгеге мемлекеттік тапсырыс алған.

Бұл туралы Orda.kz Ras Aitamyn телеграм каналына сілтеме жасап хабарлады.

Nur.kz

Шымкентте қарашада өткен II азаматтық форумдағы әкімнің сөйлеген сөзі жайлы Nur.kz порталы «Айтенов: Мы готовы обсуждать каждый проект и вопросы, направленные на развитие общества» деген ақпаратты жазған. Бірнеше абзац үшін әкімдік басылымға 353 322 теңге төлеген.

2020 жылы Шымкенттің ішкі саясат және дін істері жөніндегі басқармасы Nur.kz сайтымен бірнеше келісімшарт жасаған, оның бірі 22,3 млн теңге болса, екіншісі - 4,4 млн теңге тұрады. Енді тағы бір шарттың құны - 5,2 млн теңге.

Nur.kz бұл сомаға Шымкенттің жағымды имиджі жайлы 60 материал жариялаған.

Олар:

  • В Шымкенте начали выпускать аппараты ИВЛ
  • Руководитель информационно-просветительского штаба встретился с активом города
  • В рамках госпрограммы «Нурлы Жер» выданы 1596 арендных квартир

Ал биыл наурыз айында Шымкент әкімдігі осы порталмен 22,3 млн теңгенің келісімшартына қол қойған.

2020 жылдың басынан бері Шымкенттің ішкі саясат және дін істері басқармасы Nur порталына 29,9 млн теңге бөлген.

Айта кетсек, Алматы әкімдігі бұл порталға бір ақпарат үшін 318 мың төлейді.  

Tengrinews.kz

Шымкент әкімдігі Tengrinews.kz порталын да ренжітпеген. 2020 жылы әкімдік Tengrinews порталының меншік иесі Effective Media Liason ЖШС-мен 22,3 млн теңге және 6,5 млн теңгеге келісімшартқа отырған. Осы сомаға барлығы 83 материал жарық көрген.

Мысалы:

2021 жылдың наурызында Шымкенттің ішкі саясат басқармасы Tengrinews-пен 26,7 млн теңгенің келісімшартына қол қойды. Портал Шымкенттің дамуы жайлы  67 жағымды материал жариялауы тиіс. Олардың арасында әкім жұмысын көрсететін ақпараттар да бар.

Мысалы:

  • Аким Шымкента наградил волонтеров
  • Рост экономики Шымкента обеспечен на десятилетия вперед - аким
  • Мұндай бір ақпараттың құны  - 350 000 теңге.

2020 жылдан бері Шымкенттің ішкі саясат және дін істері басқармасы Tengrinews-ке 24,9 млн теңге тендер  берген.

Еске салсақ, Алматы әкімдігі Tengrinews-тегі бір ақпаратқа 333 мың теңге төлеген.

Zakon.kz

Nur және Tengrinews-пен салыстырғанда Zakon порталы Шымкент әкімдігінен аз сомада тендер алған. Бірақ 2020 жылдың сәуірінде төтенше жағдай кезінде Zakon порталы әкімдіктен 13,3 млн теңгенің тендерін алды.

Жалпы, Шымкент әкімдігі жеке кәсіпкерлер мен аймақтағы ақпарат құралдарына көптен тендер берген. Жеке кәсіпкерлердің бірсыпырасының сайттары мен газеттері бар болса, енді бірі басқа ақпарат құралдарымен келісім жасасып, материалдарды сонда орналастырған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар