Шығыс Қазақстандағы тас жолда 200-ден астам көлік жолда қалды
Фото: ҚазАвтоЖол
Абай облысында ауа райының қолайсыздығынан жүздеген көлік тас жолда бөгеліп қалды, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қар құрсауында қалған 90 жүк көлігі мен 160-тан астам жеңіл көлік жолдардың ашылуын күтіп тұрғаны хабарланды.
«Ұлттық компания мамандары түні бойы құтқару жұмыстарын жүргізді, бірақ қатты соққан боран салдарынан жолдарда 90 жүк көлігі, 40 жеңіл көлік және 4 автобус жолдың ашылуын күтіп тұр.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мамандары түні бойы Абай облысында қар құрсауында қалған адамдарға көмек көрсету жұмыстарын жүргізді. Жол қызметі 60-тан астам көлікті босатты, жұмыс жалғасуда», - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».
14 наурыз күні сағат 23.00-ден бастап «Алматы-Талдықорған-Өскемен» тас жолының Таскескен ауылы мен Аягөз қаласына бұрылатын бөлігінде әуелі жүк көліктеріне, кейін жолаушылар тасымалы үшін жабылды. Алайда кенеттен жауған қардың кесірінен 100-ге жуық көлік дәл осы аумақта тұрып қалды.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 20-ға жуық ауыр техниканының қатысуымен түні бойы құтқару жұмыстарын жүргізді, алайда қатты боран салдарынан қар құрсауында қалып қойған үш жолаушы автобусы Аягөз қаласына жеткізілді. Таскескен мен Аягөзге бұрылатын аралық жол жабық күйінде қалды. Таскескеннен 90 жүк көлігі, 40 жеңіл көлік, 4 автобус жолдың ашылуын күтіп тұр. Аягөз жағында да 120-дан астам көлік қозғалыстың қалпына келуін күтіп тұр», деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
Елімізге көктем келіп үлгерсе де, ауа-райы қыстағыдай болып тұр. Мамандар жол жағдайы туралы соңғы ақпаратты біліп, алыс жолға шықпас бұрын тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласуды ұсынады.
Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі науқасты тасымалдауға көмек көрсетті. 112 пультіне Абай облысы Аягөз ауданы Ақшайық қыстауында ер адамды тасымалдауға көмек қажет екені туралы хабарлама келіп түсті.
Жол жабылғандықтан жедел жәрдем ол жаққа жете алмады. Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері қыстақтарға жол талғамайтын көлікпен науқасты қыстақтан 15 шақырым жерде күтіп тұрған жедел жәрдем көлігіне жеткізді.
Жол учаскелерінің жабылуына байланысты жүре алмай қалған үш автобустың жолаушылары құтқарушылардың көмегіне мұқтаж болды. Аягөз қаласындағы уақытша орналастыру орталығына 3 жолаушылар автобусы жеткізілді, ішінде 77 адам, оның ішінде 7 бала бар. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды