Шығын — 4 миллиард теңге: Аса ірі мөлшерде ұрлық жасаған «басшы» Грузиядан экстрадицияланды

cover Фото: freepik.com

Сеніп тапсырылған қаражатты ұрлаған күдікті Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бас прокуратура мәліметінше, күдікті  компания басшысы бола тұра, адамдармен сөз байласып, қаражатты ұрлау мақсатында заңсыз шарт жасасқан. 

Нәтижесінде «Транстелеком» АҚ арқылы мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келген. Күдікті ізін суытқан соң оған халықаралық іздеу жарияланған.

Наурыз айында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оның мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар