Шыңғыс Айтматовтың жұбайы өмірден өтті

cover kabar.kg

Шыңғыс Айтматовтың жесірі Мария Айтматова көз жұмды, деп хабарлады Orda.kz.

24.kg ақпараттық агенттігі Айтматованың өлімі жазушы атындағы мұражайда расталғанын жазды. Олардың айтуынша, Мария Айтматованың жүрегі ауырған.

Бірнеше күн бұрын жазушы Сабир Айтматовтың келіні олардың бүкіл отбасы коронавирус инфекциясын жұқтырғанын айтқан.

Шыңғыс Айтматов - әйгілі қырғыз жазушысы. Ол «Жәмила», «Қош бол, Гүлсары», «Қызыл орамалды шынарым» сынды шығармалардың авторы.  

1999 жылы Айтматов Қазақстанда «Отан» орденін әлемдік әдебиетті дамытудағы айрықша қызметі үшін, қазақ және қырғыз халықтарының мәдениетін өзара байыту мен жақындастыруға қосқан үлесі үшін алды.

Ол 2008 жылы 10 маусымда Германияның Нюрнберг қаласындағы ауруханада емделіп жатқанда қайтыс болған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар