Швецияның НАТО-ға қабылданатын күні белгілі болды

cover

Швецияның НАТО-ның 32-ші мүшесі ретінде Солтүстік Атлантикалық альянсқа ресми түрде қашан қосылатыны белгілі болды.

Anadolu агенттігінің хабарлауынша, 11 наурызда НАТО-ның Брюссельдегі (Бельгия) штаб-пәтерінде Швецияның альянсқа қабылдауының ресми рәсімі өтеді.

Венгрияның Ұлттық жиналысы 26 ақпанда Швецияның НАТО-ға кіруін мақұлдап, барлық одақтастардың мақұлдау процесін аяқтады. Ал бұл мәселені кейінге қалдырған Түркия бір ай бұрын ресми түрде рұқсат берді.

Естеріңізге сала кетейік, Швеция альянсқа кіруге өтінішін 2022 жылдың 18 мамырында берген болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар