Шольц Украинаны НАТО-ға шақырудан бас тартты

cover Фото: Vlada Republike Slovenije / Wikimedia Commons, Public

Германия канцлері Олаф Шольц Украина президенті Владимир Зеленскийдің Украинаны дереу НАТО-ға шақыру туралы өтінішін қабылдамады, деп хабарлайды Orda.kz.


Deutsche Welle агенттігінің хабарлауынша, Шольцтің өзі неміс БАҚ өкілдеріне өз шешімі туралы айтқан. Оның айтуынша, соғысып жатқан ел НАТО-ға кіре алмайды. Солтүстік Атлантикалық альянс мемлекеттері Украинаның болашағын белгілеп қойған, қазір бұл мәселеде келіспеушіліктер жоқ.

«Қазіргі уақытта жаңа шешімнің қажеті жоқ деп есептеймін», - деді Олаф Шольц.


Владимир Зеленский өткен аптада НАТО елдерінен Украинаны одаққа ресми түрде шақыруды өтінді. Оның айтуынша, бұл шешім украиндық жауынгерлердің рухын көтереді. НАТО-ға дереу шақыру - Зеленский әзірлеген «жеңіс жоспарының» бірінші тармағы.

Олаф Шольц қыркүйекте Қазақстанға келіп, Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Дәл осы кездесуде Президент Тоқаев «Ресей әскери жағынан мығым» деген резонансты мәлімдеме жасады. Шольц өз кезегінде «Путин тоқтатса, Украинадағы соғыс бітер еді» деді.

Олаф Шольц өткен жолы Астанаға  келіп кетті және Қасым-Жомарт Тоқаев Германия канцлерімен бірлескен брифингтен бас тартты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар