Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығы Омбыда аталып өтті

cover

Омбы қаласындағы Қазақстан Консулдығы әлемдік ғылымның атақты өкілдерінің бірі - ұлы қазақ зерттеушісі, ағартушы және саяхатшы Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл толуына арналған еске алу акциясын ұйымдастырды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі. 

Шара барысында ұлы ғалымның есімі берілген көшедегі дипломатиялық өкілдік ғимараты жанында орналасқан Ш. Уәлихановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Қатысушылар әлемге танымал ғалым Ш. Уәлихановтың Қазақстан мен Ресейдің ғылымы мен мәдениетінің дамуына баға жетпес үлес қосқанын ерекше атап өтті. Оның есімі екі ел арасындағы достықтың символына айналып, әлемдік ғылымның көрнекті тұлғалары арасында лайықты орын алып отырғанына да аса мән берілді.

Консулдықтың басшысы Ырысқали Дәуренбек Омбы облысының үкіметіне ұлы ғалымның атын есте қалдыруға атсалысқаны үшін және іс-шараны өткізуге көрсеткен қолдауына дән риза екенін айтты.

Қазақ ғалымының мерейтойына Омбы облысы Үкіметі төрағасының орынбасары, Өңірлік саясат және бұқаралық коммуникациялар министрі Михаил Каракоз, Ресей Сыртқы істер министрлігінің Омбы қаласындағы өкілдігінің басшысы Евгений Косинцев және Омбы кадет әскери корпусының бастығы, полковник Вячеслав Саликов қатысты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар