ШҚО-да жалған айғақ берген куәгер сотталып кетті

cover Фото: freepik.com

ШҚО-да жалған ақпарат берген куәгер 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бас көлік прокуратурасы сот процесі барысында куәлардың бірінің жалған айғақтар беру фактісін анықтады. Көлік прокурорлары Шығыс Қазақстан облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшылығына қатысты сыбайлас жемқорлық туралы істі қараған. 

«Арнайы прокурорлар жүргізген тергеп-тексеру сот төрелігіне қарсы әрекет ету дерегін растады. Сот сотталушының кінәсін мойындау мен өкінуін ескеріп, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», делінген хабарламада.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар