ШҚО-да су тасқынының алдын алу мақсатында Бұқтырма өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді

cover Фото: ШҚО ТЖМ баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысының Алтай аймағында мұз кептелісі мен көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Бұқтырма өзенінде бес жерден мұзды жарылды, деп хабарлайды облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«Апталық барысында Шығыс Қазақстан облысының Алтай аймағында профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Бұқтырма өзенінде кептелістерге бейім бес нақты аумақта мұз жару жұмыстары жүгізілді. Бұл су тасқынына қарсы шаралардың алғашқы кезеңі» деп жазылған хабарламада.

Алдын алу жұмыстарының жалпы ауданы 81 864 шаршы метр болды.

Төтенше жағдайлар департаменті жарылыс орындары көп жылдар бойы жүргізілген мониторинг пен өзеннің кептеліс қаупі жоғары учаскелерін бақылау негізінде таңдалғанын атап өтті.

Барлық жұмыстар төтенше жағдайлар қызметкерлерінің бақылауымен жүзеге асты.

 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар