ШҚО-да пойыз қағып кеткен екі әйелдің бірі көз жұмды

cover Фото: Envato

ШҚО-да екі әйелді пойыз қағып, біреуі қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.

Қайғылы жағдай 22 тамыз күні сағат 10:20 шамасында Коршунов – Өскемен-1 арасындағы жолда  болды.

Пойыз машинисі теміржолға шығып кеткен әйелдерді көрген сәтте дереу тежегішті басқанымен, пойызды тоқтата алмады.

«Салдарынан бір әйел оқиға орнында жан тапсырды, екіншісі ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осы аптада Алматыдағы «Думан» шағын ауданында ер адам әйелін пышақтап өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар