ШҚО-да ауыл әкімі полицияның көзінше тұрғындарға балағат сөз айтты
Фото: gov.kz
Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысында ауыл әкімі тұрғындарға балағат сөз айтып жатқан сәттің бейнежазбасы тарап кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округінің әкімі Қуаныш Төлеухан жергілікті тұрғындармен сөзге келіп келіп, жанжалдасқан сәті әлеуметтік желілерде тарады.
Бейнежазбада ауыл тұрғындары әкімнің қабылдауына келіп, оның жұмысына қатысты сұрақтар қойған. Ауыл әкімне бұл сұрақтар ұнамаған болуы керек, екі тарап арасында дау шығып, шенеунік өзін ұстай алмай, бейәдеп сөздер айтып, агрессия танытты.
Бір қызығы тарап кеткен бейнежазбада полиция қызметкері де бар. Әйел адамның полицияға қарап: «неге еш шара қолданбайсың?» деген сұрағына тәртіп сақшысы жауап қатпай, үнсіз тұр.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі бұл жағдайға қатысты Қуаныш Төлеуханнан ресми түсініктеме сұратылғанын хабарлады. Материалдар Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесіне жолданыпты. Айта кетейік, Қуаныш Төлеухан ауыл әкімі қызметіне биыл 24 шілдеде тағайындалған, яғни оның қызметте отырғанына үш ай толмаған.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды