Шетелге шығуға тыйым салынған қазақстандық Ресей үшін соғысып қаза тапты
Фото: Envato
Астанаға қара жұмысқа кеткен ер адам Ресей әскерінің қатарында соғып, Украинада қаза тапқандар тізімінен табылды. Шетелге шығуға тыйым салынған марқұмның шекараны қалай асып кеткені белгісіз деп хабарлайды Orda.kz.
«Орал апталығының» мәліметінше, күйеуі соғыста қайтыс болған келіншектің айтуынша ол Астанаға ақша табуға кеткен, арада біраз уақыт өтіп арадағы байланыс үзілген.
Ал 15 қазанда Украинадағы «Хочу жить» жобасы Ресей үшін соғысқан қазақстандықтардың тізімін жариялаған. Сол тізімнен оралдық әйел өзінің күйеуінің аты-жөнін көріп аң-таң болған. 30 жастағы марқұм Алексей Сергеев «Хочу жить» тізімінде 191-нөмірмен көрсетіліпті.
Әйелдің сөзінше, олар өткен жылы үйленген, сегіз ай бұрын қызы дүниеге келген соң, ер адам Астанаға жұмыс істеуге кеткен. Онда қара жұмысшы болып жан бағып жүрген екен. Әйеліне соңғы рет 27 наурызда қоңырау шалған, содан бері хабарсыз кеткен.
Ең күдіктісі — Сергеевке заң бойынша шетелге шығуына тыйым салынған екен. Әйелі оның осы тыйымға қарамастан қалайша бірінші Ресейге, кейін Украинаға барғанын түсінбейді.
«Хочу жить» тізімінде Сергеев Ресей қарулы күштерінің 103-ші мотожаяу әскер полкінде қызмет еткені жазылған. Украинадағы Deep State сайтының дерегінше, бұл бөлімше 2025 жылдың ақпанынан бері жалғасып келе жатқан Торецк үшін шайқастарға қатысып келеді. Орал тұрғынының қаза болған күні ретінде 2025 жылғы 11 шілде көрсетіліпті.
Қазір Надежда күйеуінің өлім туралы куәлігін алуға және оның мәйіті қай жерде екенін анықтап, жерлеуді ұйымдастыруға тырысып жүр.
«Хочу жить» жобасы жариялаған тізімде Ресей үшін соғысып, қаза тапқан 270 қазақстандықтың аты-жөні көрсетілген.
Жаңалықтар
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен