Шетелге қашпақ болған Бекетаев ұсталды
Сурет: ©️ Tengrinews.kz
Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевты ұстаудың жаңа мәліметтері пайда болды. 21 қазан күні таңертең ол жазадан құтылу үшін Ыстамбұлға және одан әрі Лондонға ұшуға тырысқан.
Экс-министр ұзақ уақыт бойы куәгер ретінде, содан кейін күдікті ретінде тергеу жүргізіліп, елден кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүрген. Тергеу ақпараттық тұрғыдан жабық режимде жүргізілді. Тергеудің басты бағыты - Әділет министрлігінің негізгі мердігері Бекетаевпен байланысты Bolashak Consulting Group компаниясы жүргізген халықаралық юрисдикциялардағы ҚР сот процестері. Сондай-ақ Кәрім Мәсімовтің қамқорлығымен шетелге активтерді заңсыз шығару.
21 қазанда тергеу қорытындысы Бекетаевтың пайдасына шешілмейді, соттан құтылу мүмкін болмайтынын түсінген Бекетаев таңертең бөтен көлікпен және күртешемен әуежайға келіп, дәл сол жерде Астана-Ыстамбұл-Лондон рейсіне билет сатып алуға тырысқан. Алайда қашу әрекеті сәтсіз аяқталып оны құқық қорғау органдары ұстады.
Сурет: экс-министр әуежайда бөтеннің күртесімен ұсталған кезі.

Жемқорлыққа қарсы қызмет Тоқаевтың заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде бұрынғы әділет министрі (Марат Бекетаевтың) лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстады.
Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірген. Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Жаңалықтар
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады