Шерзаттың соты: Сот жалған куәлік берді деген екі куәгер қызға қатысты жеке қаулы шығарды
Фото: Orda.kz
Шерзат Полаттың сотында негізгі куәгерлер санатында болған, яғни төбелестің басы-қасында болған Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдінің алдын ала тергеп тексеру мен соттағы жауаптарындағы қарама-қайшылықтарға қатысты прокурор мен жәбірленуші тараптың жеке қаулы шығаруға байланысты уәждеріне қатысты судья шешімін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Судья Ержан Жанұзақов куәгерлер Эльмира Нұрбекова, Дана Жақсыгелді, Арлан Қазыкенов және Юлдаш Розыбақиевке қатысты жеке шешім шығару жөніндегі өтінішіне байланысты қаулыны жария етті.
Қаулы бойынша Алматы облысының поркуратурасына жолдады. Куәгерлердің қылмыс белгілері болуы мүмкін екенін атап өтіп, бұл мәселеге прокурордың назарын аударды.
Еске салсақ, алдынғы сот отырыстарында Мейірман Шекеев осы куәгер екі қызға қатысты сотта «қасақана көрінеу жалған ақпарат бергені» үшін жеке қаулы шығаруды сұрады.
Куәгер Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдінің іс-әрекеттерінде қылмыстық кодексінде 421-бабы 2-ші бөлігіне сәйкес «аса ауыр қылмыс бойынша тергеуде көрінеу жалған ақпарат беру» мен 431-бапқа сәйкес «жасалған қылмысты хабарламау» бойынша қылмыстық құқық бұзушылық бар деп жеке қаулы шығаруды сұраған еді.
Сондай-ақ прокурор Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдіге қатысты жеке шешім шығаруды сұрады.
«Олардың әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін тексеру жүргізу қажет. Сонымен қатар бұл шешімді Алматы облыстық полиция департаментіне жолдау керек», – деді Дана Сәрсенбай.
Прокуратура дәл осындай шешімді куәгерлер Арлан Қазыкенов пен Юлдаш Розыбақиевке қатысты да шығаруды сұраған.
Жаңалықтар
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр