Шерзаттың отбасы Талғардан кетпек

cover Фото Orda.kz

Қаза болған Шерзат Болаттың отбасы Талғардан кетпек, деп хабарлайды Orda.kz.

Біраз уақыт бұрын Қаржаубайдың қарындасы Перизат Нұрымова жылу жинап жатқаны белгілі болды. Қаржы жинап жатқанын ол шулы оқиғадан кейін пәтер жалдау қиын болып кеткенімен түсіндірді. Kursiv.media хабарлағандай, оқиғадан кейін пәтер жалдау қиындады.

«Телефонмен келісеміз, барсақ «жоқ» дейді. 6 баламен алғысы келмейді. Сосын «ана шулы оқиғадағы тәте емессіз бе?» дейді «иә» деймін, бас тартады. Қорларға да қандай мүмкіндік бар деп хабарласып көріп жатырмын. Ипотекаға өзіміз төлейтін етіп болса да алып берсе жақсы болар еді…» дейді Перизат Нұрымова.

Сондай-ақ, ол ағасы Қаржаубай Нұрымовтың Талғардан кететінінін хабарлады.

«Ағама да, Айтымның командасына да салмақ салғым келмейді. Әйтпесе олар бізбен жүр деп отыр. Менің өз отбасым бар. Жолдасым ешкімі жоқ жетім адам. Оның үстіне баламның еміне байланысты Алматыда болуым керек болып тұр. Олар қалай кетеді, мен де солай Талғарда қалмаймын. Балаларыма бірдеңе болып қала ма деген қорқынышпен ұдайы өмір сүргім келмейді. Балаларым да әбден қорқып қалған»,  дейді Перизат.

Қаржаубайдың адвокаттары да Перизаттың бастамасы тек өзінің жеке шешімі екенін айтты

Қаржаубайдың отбасы үшін үй меценаттың қаражатына сатып алынады, ал Перизаттың жинаған ақшасы бұл мақсатқа жұмсалмайды, деді адвокаттар.



 
 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар