«Шерзаттың өлімі неге топтасып өлтіру ретінде қаралмады?»: Жақып Асанов жауап берді
Фото: Бейнеден кадр
Парламент сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов Шерзат Полаттың сот отырысына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Бұған дейін қылмысты топтасып адам өлтіру ретінде қайта саралауды жәбірленуші тараптың адвокаты Бағдагүл Ажығалиева талап кеткен еді. Алайда прокурор Дана Сәрсенбай тергеу барысында барлық материалдар мұқият зерттелгенін алға тартып, мұның қажеттілігі жоқ екенін айтты. Журналистер парламент сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асановтан сотталушыларға неліктен топтасып адам өлтіру деген баппен айып тағылмағанын сұрады.
«Мен бұл процесті қадағалап отырған жоқпын. Мен — заңгермін, сондықтан бір нәрсені естігенде бірден өз пікірімді білдіруге асықпаймын. Мен істі зерттеп, түбіне жетуім керек. Үкімді күтейік. Қалай болғанда да, үкім бірден күшіне енбейді ғой. Тараптар сот шешімімен келіспесе, оған дауласа алады. Егер прокурор айыптауды нақтылаған болса, онда сот бұл айыптаудан асып кете алмайды. Прокурордың ұстанымына келетін болсақ, мен бұл процесті қадағалап жүрген жоқпын», — деді Жақып Асанов.
Айта кетейік, бүгінгі сот отырысында сотталушылар соңғы сөздерін айтты.
Жаңалықтар
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеуі жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты