Шерзат ісіне қатысты алғашқы сот отырысы бүгін басталады
Фото: instagram/ justice_for_sherzat
Бүгін, 10 сәуір күні, сағат 12:00-де Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың ісіне қатысты алдын ала тыңдау бойынша ашық сот отырысы басталады, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот отырысы Талдықорғанда орналасқан Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтеді.
Соттың Талдықорғанда өтуінің себебін Шерзаттың отбасының адвокаты Мейірман Шекеев күдіктілердің көбісі осы Талдықорғандағы уақытша ұстау изоляторында отырғандығымен түсіндірді.


Соттың басталуына 1,5 сағат қалды. Журналистер тіркелуде, мамандандырылған ауданаралық сот қызметкерлері журналистер үшін жеке бөлме дайындалғанын айтты. Алайда, БАҚ өкілдері сот залында тікелей қатыса ала ма — әзірше белгісіз. Барлығы судьяның шешімі мен тараптардың пікіріне байланысты, себебі іс бойынша кәмелетке толмаған адам бар.
«Қазір біз залға кіруге рұқсат беру туралы шешімді күтіп отырмыз», — деп хабарлайды Orda.kz тілшіcі.
Сот ғимаратының маңында қазір белсенділік байқалады: күзет қызметі кезекшілік етуде, полиция қызметкерлері әр жерде жүр. Сонымен қатар, жақын жерде Жеңіс күніне арналған репетициялар өтіп жатқан сияқты — әскери дайындыққа қатысты бұйрықтар естіледі. Жақында сот алдына жедел жәрдем көлігі келіп тоқтады.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?