Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан

cover Фото: Pexels

Қызылорда облысында шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан, деп хабарлайды Orda.kz.

Прокуратураның мәліметінше, Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бөлімінің басшысы 15 тәулікке әкімшілік қамауда болған. Жұмысқа келмегенін түсіндіру үшін ол басшылығына уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұсынған.

Тексеру барысында бұл құжаттың жалған екені анықталған. Жалған анықтаманы оған Сырдария аудандық ауруханасының дәрігері жазып берген. Сот дәрігерді құжатты қолдан жасағаны үшін кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Ал шенеунік жалған құжатты пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Оқи отырыңыздар:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар