Шеге қақпайтын жігіт, ас пісірмейтін қыз – ажырасуға себеп пе?

cover Фото: Envato

Сенатор Жанна Асанова өзінің депутаттық сауалында мектепте тұрмыстық дағдыларды дамыту курстарын енгізуді ұсынады, деп хабарлайды Orda.kz.

Оның айтуынша, бұл курстар болашақта жас отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға көмектеседі. Депутаттың айтуынша, жас отбасылардағы қақтығыстардың негізгі себебі – жастардың тұрмысқа дайын еместігі мен базалық дағдылардың жоқтығы.

«Базалық тұрмыстық дағдылардың болмауы адамның жеке дербестігіне ғана емес, отбасы институтының тұрақтылығына да әсер етеді. Көптеген жастар үй шаруашылығын жүргізуге дайын болмай, қарапайым тұрмыстық дағдыларды меңгермей отбасын құрады. Соның салдарынан жанжалдар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық туындайды. Бұл ажырасу көрсеткішін арттырады», – дейді Асанова.

Сондықтан депутат мектептерде, әсіресе, жоғары сыныптарда тұрмыстық дағдыларды дамыту курстарын енгізуді ұсынады. Ұсынылған курстарға мыналар кіреді:

  • үй шаруашылығын жүргізу негіздері,  
  • аспаздық,  
  • тігін тігу,  
  • ағаш және темір ұсталығы,  
  •  тұрмыстық техниканы жөндеу жұмыстары,  
  •  алғашқы медициналық көмек көрсету,  
  •  төтенше жағдай кезіндегі әрекет, 
  •  өзін-өзі қорғау негіздері.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар