Шавкат Рахмоновтың әйелі қатысқан жол апаты: Тергеу аяқталуға жақын
Фото: Instagram/ Шавкат Рахмонов
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы қатысқан жол апатының тергеуі аяқталуға жақын қалды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Санжар Әділов істің Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі («Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет») бойынша жүргізіліп жатқанын еске салды.
«Қазіргі уақытта барлық дерлік тергеу әрекеттері аяқталды, соңғы кешенді автотехникалық сараптама алуды күтеміз. Нәтижелері бойынша айыптау және істі сотқа жіберу туралы шешім қабылдаймыз», — деді ол.
Жол апаты 27 шілде күні болған еді. Toyota Land Cruiser көлігі Алматы-Екатеринбург тасжолының 296-шақырымында, Ақсүйек ауылының маңында апатқа ұшыраған. Алдын ала мәліметке сүйенсек, жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Апат салдарынан 39 және 35 жастағы екі жолаушы оқиға орнында көз жұмған болатын. Көлікті Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова басқарған.
Жүргізуші 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айта кетейік, өткен айда Тоқаев Шавкат Рахмоновты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
Жаңалықтар
- Қарағандыда әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікті өлі табылды
- Бишімбаев ісін қараған судья Сәния Әлімажанованың өлімі бойынша сот үкімін шығармай, тергеуді қайта бастады
- Өзен тасыды: Қазақстан Ресеймен шекарадағы өткізу бекетін уақытша жапты
- Алматыдағы резонанс: жол апатынан кейін қай шенділер қызметінен кетті?
- Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында қақтығыстар қайта басталды
- Ресейде төбелескен қазақстандықтар жазалана ма?
- Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды: Жазаны өтеу кейінге қалды
- Тоқаев: альпинизм мен заманауи тау туризмі жан-жақты дәріптеледі
- Перизат Қайраттың түрмедегі жағдайы қалай?
- Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды
- Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
- Перуашев ұсталған журналист Ботагөз Омарованы қолдауға дайын екенін айтты
- Батыс медиасы АҚШ құрлық операциясын бастайтынын жазып жатыр. Трамп неге соққыны кейінге қалдырды?
- Депутат Әбенов: Көшеде жарысатын жүргізушілердің жазасын күшейту керек
- Наурыз ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзған
- Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды
- ІІМ-ді жаппай тазарту қажет — депутат Бақытжан Базарбек
- Әскерде зорлық көргені туралы жалған ақпарат таратып, жылу жиған жігіт қамауға алынды
- Наурыз мерекесін тойламауға шақырған азамат ұсталды: Қылмыстық іс қозғалды
- Зейнетақы жинағынан шешіп алатын қаражат жеткізер емес