Шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұраған Қайрат Боранбаев лезде өтінішін қайтарып алды
Коллаж: Orda.kz
Қомақты қаржы жымқырып, заңсыз табысты заңдастырғаны үшін сотталған қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш түсірген еді. Алайда оны дереу қайтып алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Айта кетейік, 2023 жылы 31 наурызда сот Боранбаевты мынадай қылмыстық бап бойынша кінәлі деп тапқан:
- «қылмыс жасауға көмектесу» (ҚК 28-бап, 5-бөлік);
- «аса ірі көлемде бөтеннің мүлкін жымқыру» (ҚК 189-бап, 4-бөлік, 2-тармақ);
- «қылмыстық жолмен табылған кірісті заңдастыру, оны бірнеше адаммен бірлесіп жүзеге асыру» (ҚК 218-бап, 3-бөлік, 3-тармақ).
Осы айыптары үшін ол 8 жылға бас бостандығынан айырылған.
Алайда маусым айының соңында үкімнің күші жойылып, іс апелляциялық тәртіпте, бірінші сатыдағы сот ережесімен қайта қарауға жіберілді. Қыркүйекте апелляциялық тыңдау қорытындысы бойынша Боранбаев кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
2023 жылғы 6 қарашада ІІМ ҚАЖК Қайрат Боранбаев жазасын өтеу мекемесінен босатылғанын хабарлады. Себебі оның жаза мерзімінің өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеумен алмастырылған. Бұған дейін ол мемлекетке 124 миллиард теңге болатын мүлкі мен ондаған бизнес-активін өткізген болатын.
Сот шешімі бойынша ол тұрғылықты жеріне өздігінен барып, пробация қызметінде есепке тұруы және сол мекеменің бақылауында болуы тиіс еді.
Боранбаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөніндегі өтініші 2 қазанда Бостандық аудандық қылмыстық сотында онлайн-форматта қаралды.
«Сот отырысы барысында сотталған адам өз өтінішін қайтарып алды. Осыған байланысты сот оның өтінішін қараусыз қалдырды», – деді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы.
Қайрат Боранбаевтың не себепті өтінішін лезде қайтарып алғаны белгісіз.
Айта кетейік, Orda.kz 20 маусымда кәсіпкер Мұрат Боранбаевтың (Қайрат Боранбаевтың ағасы) ұсталғаны жайлы жазған болатын.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?