ҰҚШҰ: Ресейлік әскер отырған соңғы 4 ұшақ Қазақстаннан ұшып кетті

cover Фото: Ашық дереккөз

ҰҚШҰ күштерінің ресейлік әскерилері мен басшысы бар соңғы төрт әскери-көлік ұшағы Қазақстаннан Ресейге ұшты. Бұл туралы РФ қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

– Қазақстан Республикасының Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайларынан бортында бітімгершілік күштері бар Ресей әскери-көлік авиациясының төрт ұшағы ұшып шықты, - делінген хабарламада.

Осы төрт ұшақпен бітімгерлердің соңғы бөлімшелері мен генерал-полковник Андрей Сердюков бастаған бітімгершілік контингентінің елге оралатыны айтылды.

Айта кетейік, бұған дейін Армения, Беларусь және Тәжікстанның бітімгершілік контингенттері Ресейдің әскери-көлік авиациясының ұшақтарымен елге оралды. Қырғызстаннан келген бітімгерлер колонна құрамында стандартты техника мен қару-жарақпен жүріп, елге оралды.

Еске салайық, ҰҚШҰ бітімгершілік контингентін біздің елден кезең-кезеңімен шығару 13 қаңтарда басталып, 10 күнге созылуы тиіс болатын. Контингенттің жалпы саны – 2030 жауынгер мен 250 техника.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар