Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов төбелестен кейін қызметтен кетті

cover Фото: Ашық дереккөзден

Серік Сәпиев өзінің орынбасары Дәурен Есімханов жұмыс орнынан босатылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Қарағанды облысы әкімдігінің сайтында екі қызметкердің де жұмысынан өз еркімен босатылғаны хабарланды.

«Өз өтініші бойынша Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының  басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов қызметінен босатылды», деп мәлімдеді Қарағанды облысының әкімдігі.

Айта кетейік, 23 қаңтарда Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов арасында жанжал болды. Кейін төбелеске боксшы Серік Сәпиев кінәлі деп танылды. Екі спортшы да өздерінің әлеуметтік желілерге оқиғаның қалай болғаны туралы мәлімдеді. 



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар