«Сергіп қайтайын деген»: Ақмолада көлік ұрлаған адамға қатысты тергеу басталды

cover Фото: Ақмола полиция басқармасы

Бурабай ауданының 64 жастағы тұрғыны Suzuki — автокөлігін  жөндеу үшін автосервисте қалдырады, бірақ көп ұзамай келеңсіз жағдайға тап болады. Оның көлігін әлдебіреу «сергіп қайту» үшін айдап кетіпті, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ер адам көлік жоғалып кеткенін біліп, дереу полицияға хабарласыпты. Жедел-тергеу тобы дереу іздестіруге кірісті және екі сағат ішінде ұрланған көлік Көкшетау жолының шетінен табылды.

Ақпаратқа сүйенсек, ұры Техникалық қызмет көрсету станциясының жұмысшысы болып шықты. Ол дос қызымен ұрсысып қалған соң, сергіп қайту үшін басқа біреудің көлігін жүргізіп кеткенін мойындады.

Қазіргі кезде көлік заңды иесіне қайтарылды. Ал ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар