«Сені түрмеге отырғызу керек»: Қырғызстанның ҰҚК басшысы Ыстықкөлдегі нашар инфрақұрылым үшін шенеуніктерді сілкіп алды
Фото: gov.kz
Қырғызстанның ҰҚК басшысы Ыстықкөлдегі нашар инфрақұрылым үшін шенеуніктерді сынға алды, деп хабарлайды, деп хабарады Orda.kz.
Қамчыбек Ташиев жергілікті билік демалуға келетіндер үшін ешқандай жағдай жасамай отырғанын айтып, жергілікті басшыларға шүйлікті.
Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы, Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Қамчыбек Ташиев Ыстықкөлдегі пансионат басшыларымен және мемлекеттік қызметкерлермен өткен кездесуде шенеуніктердің жұмысын қатаң сынға алды, деп хабарлайды АКИpress.
Ол жергілікті билік өкілдері берілген тапсырмаларды орындамайтынын немесе жұмысты әдейі созатынын, өз беттерінше ешқандай бастама көтермейтінін атап өтті.
«Жұмысқа қатысты кемшіліктерін бетіне басқанша ауыздарын ашып күтіп отырады. Бұл пансионаттар маңындағы абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту жұмыстарына: жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарын трассадан пансионаттарға дейін салу, жарықтандыру, көгалдандыруға қатысты. Ешқандай қолайлы жағдай жасалмайды. Мәселеге тіпті көңіл бөлмейді», – деді Қамчыбек Ташиев.
Ташиев мысал ретінде Сары-Ой ауылындағы айналма жолды келтірді, ол ең бай пансионаттарға апаратын жол болғанымен, асфальт та, ағаш та жоқ.
«Неліктен өздеріңіз абаттандырмайсыздар? Мұны жергілікті билік өзі істеуі тиіс. Ауылдың бюджеті – 153 миллион сом. Айналма жолды абаттандыруға, гүл отырғызуға, ағаш егіп, оны көрікті етуге қанша қаражат керек?» – деп сұрады ол ауыл өкіметі өкілінен. Шенеунік бұл жұмыстарға шамамен 1,5 миллион сом (8,9 миллион теңге) қажет екенін айтты.
«Қандай 1,5 миллион сом? Мұндай санды қайдан алдың? 50 мың сом кетеді. Ұялсаңшы! Ал сен 1,5 миллион сом деп отырсың. Мұндай басшы бола ма? Демек, сен шаруашылықтан ештеңе білмейсің. Мұндайларды жұмыстан шығару керек. Жалпы сені түрмеге отырғызу керек, халықтың 1,5 миллион сомы жөнінде бос сөз айтқаның үшін. Халық, мемлекет үшін жақсы нәрсе жасауға жанын салып жұмыс істейтін адамдар керек», – деді ҰҚК басшысы.
Осындайда кезінде Назарбаевтың шенеуніктермен өткізген жиналыстағы «Мен кез-келгеніңді қолыңнан жетектеп апарып түрмеге тоғыта аламын» деген сөзі еске түседі. Одан бері жағдай өзгерді ме? Қазақстан жаңарды ма? Жемқорлыққа тұсау салынды ма?
Жаңалықтар
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр