«Сені де, сенің отбасыңды да өлтіреміз»
Фото: Бейнеден кадр
Бұған дейін «орыс ұлты туралы рэп оқыған» Мария Кочнева өзіне тергеуші хабарласып, Алматыдағы Алмалы аудандық полиция бөліміне шақырғанын айтты.
Бұл туралы «Медиазона» хабарлады.
Мария Кочневаға полиция нақты кім ретінде шақырғанын айтпағанын, оның үстіне тек «түсініктеме беру» қажет дегенін айтты. Оның айтуынша, шақыру қағазы да келмеген.
Сондай-ақ, белсенді өзіне және оның туыстарына қоқан-лоққы көрсеткен хабарламалар келе бастағанын айтты.
«Олар мені өлтіреміз деп қорлайтын сөздер жазды. Менің бейнежазбамды анам мен достарыма жіберді. Мені «рейд» тобына қосты. Олар нашақорларды, ЛГБТ өкілдерін және киімдерінде американдық жолақтары бар адамдарды тауып, ұрып-соғады», – дейді Мария Кочнева.
Ол Азаттық тілшісіне ер адамның дауысы қоқан-лоққы көрсеткен дауыстық хабарламаны көрсетті. Дауыстық хабарламада қоқан-лоққы көрсетуші «сен бәріне жауап бересің», «сен азап шегесің», «сені де, отбасыңды да өлтіреміз», «сені тірідей көмеміз» деген сөздер айтты.
Мария Кочнева осы оқиғадан кейін полицияға арыз жазуға ниетті екенін айтты.
Еске сала кетейік, Мария Кочнева — бұған дейін де белсенді болып шерулерге қатысты. Сондай-ақ, ол Qushtar атты әйелдердің құқығын қорғайтын қозғалыстың мүшесі.
Жаңалықтар
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты