Сенат Ресей мұнайының Қазақстан аумағы арқылы Қытайға транзиті туралы хаттаманы ратификациялады

cover Фото: Pixabay

Жыл сайын Қазақстан аумағындағы құбыр арқылы 10 млн тонна мұнай өтеді.

Жалпы отырыс барысында Сенат депутаттары 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы ресейлік мұнайды Қазақстан аумағы арқылы ҚХР-ға тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заңды мақұлдады.

Хаттамаға сәйкес тасымалданатын мұнай көлемі жетіден 10 миллион тоннаға дейін артады, ал тариф 2,1 доллар.

«Туймазы-Омбы-Новосибирск мұнай құбырының қазақстандық учаскесінде мұнай тасымалдау тарифі 2,1 доллар деңгейінде белгіленді. Қазақстан арқылы тасымалданатын мұнай тарифі тоннасына 15 долларды құрайды. Келісім 2034 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылады»,- деді сенатор Сүйіндік Алдашев.

Хаттама келісімнің қолданылу мерзімін он жылға – 2034 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар