«Семей орманында» жалған дипломмен жұмыс істегендер анықталды

cover Фото: freepik.com

Прокуратура жалған дипломмен жұмыс істеп жүрген Абай облысындағы «Семей орманы» МОТР қызметкерлерін анықтады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының мәліметінше, жұмыс орнында жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломмен жұмыс істеген Резерваттың 4 қызметкері мен бір филиал басшысы анықталған. 

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің мәліметінше аталған қызметкерлерге диплом берілмеген.

 «Осы фактілер бойынша ҚК 385-бабының 3-бөлігі (жалған құжат жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жолданды» делінген хабарламада. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар