Семей көшелерін еріген қар суы басты

cover

Кенеттен күннің жылынуынан Семей көшелерін еріген қар суы басты.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, жол желісінде су басу қаупі бар 15 аумақ анықталған. Еріген суды сору жұмыстары жүргізілуде.

«Су соруға он вакуумдық кәріз машинасы, алты жылжымалы мотопомпа және цистерналары бар алты техника жұмылдырылған. Тұнба сорғыш және кәрізді жуатын жабдық дренаждық және нөсерлі кәріздердің су алатын ұңғымаларын тазалау үшін де қолданылады. Қазіргі уақытта 1500 текше метрден астам су сорылды» делінген Семей әкімдігі таратқан хабарламада.

Щорса, Кирпичная, 3-ші Лодочная, Восточный және Подгорная көшелеріне жайылып кеткен суды сору жұмыстары аяқталды. Қарды тазалауға 100-ге жуық техника қатыстырылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар