Семей әкімі Талғат Мұратов мерзімінен бұрын қызметінен кетті

cover Фото: Семей қаласының әкімдігі

Семей қаласының әкімі Талғат Мұратовтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Orda.kz.

 Абай облысы әкімінің тиісті өкіміне 18 тамызда қол қойылғанымен, бұл туралы аумақтық сайлау комиссиясының жаңа сайлау өткізу туралы қаулысы жарияланғаннан кейін ғана ресми түрде белгілі болды. 

Құжатқа сәйкес, дауыс беру 2025 жылдың 12 қазанына белгіленген. Үміткерлерді тіркеу 16 қыркүйекке дейін жалғасады, сол күні қала басшысы лауазымына үміткерлердің толық тізімі жарияланады.

Алдын ала ақпарат бойынша, Талғат Мұратов өз еркімен кеткен. Сәуір айының соңынан бастап әкімнің міндетін уақытша оның орынбасары Бекжан Бапышев атқарады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар