Сел қаупіне орай еліміздің таулы аймақтарындағы алдын алу шаралары күшейтілді
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қазақстанның таулы аудандарында сел қаупі кезеңінің белсенділігі кеми қойған жоқ. Морена көлдерінің жарылуы мен сел тасқынына байланысты төтенше жағдайларды болдырмау үшін ауқымды алдын алу іс-шаралары жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп Orda.kz.
«Еліміздің таулы аудандарында сел қаупі белсенділігі жалғасуда. Морена көлдерінің жарылуы мен сел тасқынына байланысты төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында республикада ауқымды алдын алу іс-шаралар жалғасып жатыр» деп жазылған хабарламада.
ТЖМ мәліметінше, елімізде 610 сел қауіпті учаске мен 970 теңіз-мұздық көлдері бар. Гидрометеорологиялық жағдайды бақылауды 118 стационарлық және маусымдық бекеттер, сондай-ақ «Қазселденқорғау» ММ 30 диспетчерлік пункттері жүргізеді.
Маусым айының басынан бері әлеуетті қауіпті аймақтарда 694 жер үсті және 14 аэровизуалдық зерттеу жүргізілді. Жедел әрекет ету үшін 11 авариялық-механикаландырылған бригада құрылды. Сел аудандарында 166 ескерту және үш ақпараттық қалқан орнатылды, халыққа және кәсіпорындарға 1692 ескерту-ұсынымдар берілді.
Алдын алу жұмыстары аса қауіпті 15 көлде жүргізілі. Маусым басынан бері құйылымдар мен арықтардың көмегімен 2102,72 мың текше метр су ағызылды.
«Қазавиақұтқару» АҚ-мен бірлесіп 23 биік таулы учаскеде тәулік бойы мониторинг жүргізу үшін жабдықталған бригадалар, батиметриялық өлшеулерге арналған топтарды және бақылаушыларды жеткізу бойынша авиациялық операциялар жүргізілді.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі сел кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы жыл сайын қайталап отырады. Жақында Үлкен Алматы шатқалында, Күмбелсу жоғары таулы гидропостында құтқарушылардың тәулік бойы кезекшілігі үшін капсулалық үй орнатылды.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды