Сегіз миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды – Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламентке жыл сайынғы жолдауын жариялады. Ол өз сөзінде жерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша үкімет жұмысына ерекше тоқталды.
«Пайдаланылмай жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Мен қазірдің өзінде іс жүзінде жүзеге асырылып жатқан бастамалардың бір бөлігін ғана атадым. Көптеген жұмыстар атқарылды, ол жалғасын табады», - деді Тоқаев.
Сондай-ақ ол 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есеге өскенін еске салды. Дәрігерлердің жалақысы да өсті, қазір олардың табысы елдегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Азаматтарға жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік берілді.
«Бұл шара миллионға жуық адамның әл-ауқатына оң әсерін тигізіп, олардың баспана мәселесін шешуге мүмкіндік берді. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Елордада 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынуда. «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасы басталды, оның аясында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды»,- деді президент.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды