Щучинскте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мектепті жөндеу кезінде жарақат алды

cover Фото: Envanto

Акмола облысы Щучинск қаласында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мектепті жөндеу жұмысы кезінде жарақат алды. Оқиға қалалық №4 мектепте болды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Мұғалімдер өз күштерімен спорт залындағы киім ауыстыратын бөлмені жөндеуге кіріскен. Электр құралымен жұмыс істеген кезде ол ұстап тұрған кескіш құрал қолынан тайып кеткен, айналмалы диск мұғалімнің аяғына тиген.
Оқиға орнында алғашқы көмек көрсетіліп, кейін мұғалім жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

Бұл жағдай мұғалімдерді құрылысқа немесе жөндеу жұмыстарына тарту дұрыс емес екенін көрсетеді. Мұғалімнің тікелей міндеті – балаларды оқыту, өз денсаулығына қауіп келтіретін жұмысқа араласуға болмайды.

Қазақстанда қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заң мұғалімдерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын жұмыстарға тартуға тыйым салады.

Полиция департаменті хабарлағандай, осы факт бойынша тергеу басталды. Сонымен қатар, оқиғаға білім беру және ғылым қызметкерлерінің облыстық салалық кәсіподақ ұйымы да назар аударды.

«Мұндай жағдайларға жол беруге болмайды. «Педагог мәртебесі туралы» заң қатаң сақталуы керек, педагогтарды кәсіби қызметіне жатпайтын жұмыстарға тарту – олардың құқықтарын бұзу боолады. Кәсіподақ бұл жағдайды бақылауға алады» деп жазылған хабарламада.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар