Щучинскідегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада бақилық болды

cover Фото: Orda.kz

8 наурыз күні «Авиценна-Бурабай» стационарының жансақтау бөлімінде бір ер адам қайтыс болды. Ал 9 наурызда Көкшетаудағы көпбейінді облыстық ауруханада ем алып жатқан әйел науқас өмірден өтті, деп хабарлайды Orda.kz.      

Бұл туралы Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек мәлімдеді.

«Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, жағдайы аса ауыр екі науқасты аман алып қалу мүмкін болмады», — деді ол. 

Нариман Ермектің айтуынша, Ақмола облысының дәрігерлері зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр. Медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде, сондай-ақ барлық медициналық, кадрлық және техникалық ресурстар қатыстырылған.

Бұған дейін Щучинскіде «Палау орталығы» кафесінің әкімшісі қайтыс болды, ол осы қайғылы оқиғаның тоғызыншы құрбаны еді. Сол ауруханада жарылыстан кейін денесінің 70 пайыздан астамын күйік шалған, өмірге қауіпті асқынулары бар тағы бір ер адам да көз жұмды.

Еске салсақ, Щучинск қаласындағы «Палау орталығы»кафесінде жарылыс 26 ақпанға қараған түні болды. Өрт фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі («Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін қоғамдық тамақтану орнының иесі де ұсталды. Ол әрбір адамынан айырылған отбасыға 2 миллион теңгеден беруге тиіс болды.

Істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Дәмхана басшысы 2 наурызда ұсталған. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз:





Жаңалықтар

барлық жаңалықтар