Саумал тағамдық қоспасы туралы жалған жарнама таратқандарға прокуратура айыппұл салды
Сурет көрнекілік үшін
Алматы облысында прокурорлар биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) қасиеттері туралы жарнамада жалған ақпарат берген компанияны жазалады, деп хабарлайды Orda.kz.
Прокуратура интернетте танымал блогерлер, спортшылар мен суретшілердің парақшаларында тағамдық қоспалардың қасиеттері мен емдік мүмкіндіктері туралы жалған мәлімдемелермен жарнамаланғанын анықтады.
«Мысалы, мұздатылып кептірілген бие сүті Neosaumal, Saumal қант диабеті, қатерлі ісік және басқа да ауруларды емдейтін бірегей өнім ретінде интернетте белсенді түрде жарнамалануда. Азаматтардың арыз-шағымдарынан кейін прокуратура ақпараттың растығын тексеріп, Саумалдың жалпы сергітетін және иммунитетті ынталандыратын дәрі ретінде есепте тұрғанын анықтады. Яғни, оның аталған ауруларды емдеуге қажетті емдік қасиеті жоқ» деді қадағалаушы орган.
Диеталық қоспаларды жалған жарнамалау әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады. Саумал өндірушіге қатысты хаттама жасалып, кәсіпорын 175 АЕК (603 750 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр болды.
Прокурорлар тұтынушыларға тағамдық қоспаларды сатып алмас бұрын ақпаратты білікті мамандармен тексеріп, өндірушілерге жалған жарнаманы таратқаны үшін олардың жауапкершілігі туралы ескертуді ұсынады.
Жаңалықтар
- Тегеран Түркия, Әзербайжан және Кипрге шабуыл жасамаған — Иран СІМ
- 2430 жылға сотталуы мүмкін: Ыстамбұлдың экс-мэріне қатысты сот басталды
- Ирандағы «мұнай аралас жаңбыр»: ДДҰ дабыл қақты
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіттері табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр
- Қазақстандық ғалым Шыңжаңда Абайды «дұрыс түсіндірмеді» деген айыппен сотталды
- Щучинскідегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада бақилық болды
- Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жағдайына байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы өсе түсті
- Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
- Таяу Шығыс елдеріне 28 ақпаннан кейін рәсімделген турларға кепілдік берілмейді
- Алматыда ауаның ластанғаны ескертілді, мәслихат арнайы ереже қабылдады
- Спортшыларымыз халықаралық аренада бірнеше жарқын нәтиже көрсетті
- «Дамумед» жеке деректерді заңсыз пайдаланып, 66 миллион теңге залал келтірді
- Иран Сарапшылар кеңесі жаңа жоғарғы көшбасшы кім екенін мәлімдеді