Сауд Арабиясы мұнай қоймасындағы жарылыс видеоға түсіп қалды

cover

Өрт Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Джизан қаласындағы мұнай терминалына снаряд түскеннен кейін пайда болды.

Бұл туралы Orda.kz. Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Зымыран соққысын Йемен көтерілісшілері Ансар Алла қозғалысынан шыққан (хоуситтер, шиит зайдиттерінің әскерилендірілген тобы).

Корольдіктің энергетика министрлігі өкілі снарядтың 25 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі тоғызда түскенін айтты. Зардап шеккендер жоқ.

– Джизандағы мұнай өнімдерін тарату терминалының атқылауы нәтижесінде терминал резервуарларының бірінде өрт шықты, - делінген елдің энергетика министрлігінің хабарламасында.

Мұнай қоймасындағы жарылыс сәті бейнежазбаға түсіп қалған. Кадрлардан құлаған снарядтың мұнай терминалында өртті қалай тұтандырғаны көрсетілген.

Сауд Арабиясы билігі кәсіпорынға жасалған шабуылды айыптап, оны өмірлік маңызы бар нысандарға қарсы «қорқақ диверсия» деп атады.

Бұған дейін хуситтер Сауд Арабиясын «өлім соққыларымен» қорқытқан.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар