Сәтбаевтағы қыз баланы қағып кеткен жүргізуші қамауға алынды
Фото: Егемен Қазақстан
Бірнеше күн бұрын біз Ұлытау облысында 13 жастағы қыз баланың қазасына себеп болған жол апаты туралы жазған едік. Orda.kz мәліметінше, кінәсін толық мойындаған жүргізуші қамауға алынды, бұл туралы Ұлытау облысының соты хабарлады.
Қайғылы оқиға 16 маусым күні Сәтбаев қаласында «Мал базарының» алдында болған. Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі жолды «рұқсат етілмеген жерден» кесіп өтпек болған қыз баланы қағып кеткен. Осы сәтте қарсы бағытта келе жатқан Lada Priora көлігі де жасөспірімді соққан. Қыз ауыр жарақат алып, жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды.
Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Сот отырысы барысында күдікті кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне шын жүректен өкініш білдірді. Ұлытау облысының соты күдіктіге екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды», деп хабарлады сот.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін апаттан кейін жол жөндеу жұмыстары талаптарын орындамағаны, атап айтқанда тиісті жол белгілері мен сызықтарының болмағаны үшін Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары жауапкершілікке тартылғаны хабарланды.
Жаңалықтар
- Шымкентте полицейді ұрған жасөспірім түрмеден бір-ақ шықты
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды