Сәтбаевта «Қазақмыс» кеншілері ереуілге шықты
Фото: Pexels
Ұлытау облысында «Қазақмыс» ЖШС - «Жезқазғантүстімет» корпорациясы филиалының ондаған қызметкері ереуілге шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
17 желтоқсанда «Оңтүстік Қазақстан» кенішінің № 65 шахтасында кенеттен ереуіл басталды. 250-ден астам кенші жер астына түсуден бас тартты. Адамдар жалақыны көтеру және еңбек жағдайларын жақсарту қажеттілігін мәлімдеді.
«Жезқазғантүстімет» қызметкері Қайрат Баукен наразылық түстен кейін шахтаға үшінші ауысым түсуі керек болған кезде басталғанын хабарлады. Алайда кеншілер жұмысты жалғастырудан бас тартты.
«Келіссөздер үшін корпорация басшысы Алдабергенов жұмысшыларға түсті. Сондай-ақ, облыс әкімдігі мен құқық қорғау органдары қызметкерлері келді. Шахтерлардың талаптары мен шарттары нақтылануда», дейді Баукен.
Ереуілге халықаралық нарықтағы мыс құнының, доллар бағамының өсуіне және өнімдер мен коммуналдық қызметтердің қымбаттауына байланысты талаптар түрткі болды. Алдымен жұмысшылар жалақыны 30% - ға көтеруді талап етті, бірақ кейінірек талаптар күшейе түсті — кеншілер жалақыны 100% - ға арттыру және мемлекеттік органдардың қысымын төмендету қажеттілігін мәлімдеді.
Қайрат Баукен ереуіл кезінде кеніште кенеттен өрт шыққан бейнежазбамен бөлісті.
«Қызметкерлердің бірі көміртегі тотығымен уланып, ауруханаға жатқызылды», деп түсініктеме берді.
Оның айтуынша, жанжалды реттеу үшін «Қазақмыс» бас директоры Олег Копытов Жезқазғанға келеді деп күтілуде.
«Қазақмыс» корпорациясының ресми мәлімдемесінде 2025 жылдың басында инфляция деңгейіне сәйкес жалақыны индекстеу жоспарланғаны айтылған.
«Жалақының 8,5% өсуі күтілуде. Жұмыскерлердің орташа табысы 822 000 теңгеге дейін, ал жерасты кәсіптері үшін — 1 303 000 теңгеге дейін артады»,деп мәлімдеді корпорация.
Конфликт әлі де шешілмей отыр. Тараптар келіссөз жүргізуде.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?