Сара Назарбаева дүниеден озды
Фото: Bobek
Қазақстанның бұрынғы бірінші ханымы Сара Назарбаева Алматыдағы ауруханада жан тапсырды.
Orda.kz дереккөздері ақпараты бойынша, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы әйелі Сара Назарбаеваның өмірін қамтамасыз етіп тұрған аппарат сөндірілді. Сара Назарбаева 85 жасында дүниеден өтті. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары Orda.kz тілшілерінің сауалына қысқа ғана «Иманды болсын» деп жауап берді.
Назарбаева Алматы қаласындағы Президент іс басқармасы медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальда ауыр халде жатып, емделген еді.
Соңғы апталарда Сара Алпысқызы Алматыдағы Президент іс басқармасының қарамағындағы республикалық клиникалық ауруханада, халық арасында «Совминка» аталып кеткен мекемеде ем алып жатқан. Бүгін алдын ала мәліметтер бойынша, оны жасанды тыныс алу аппаратынан ажырату туралы шешім қабылданған.
«Совминкадағы» жағдай
Қазір «Орда» тілшілері осы аурухана ғимаратының жанында жүр. Аурухана маңында күзет күшейтілген. Қақпаның алдында қара костюм киген ер адамдар күзетте тұр, жеке қауіпсіздік қызметі де көбейген.
«Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін ғана күзет күшейтілді», — деді сол жердегі полицейлердің бірі.
Бұрын бұл аумаққа еркін кіріп-шығуға болатын. Қазір жол жабылып, аумаққа жаңа қоршау орнатылғанын журналистеріміз байқады.
Сара Алпысқызы Назарбаева — 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысының Қызыл-Жар ауылында дүниеге келген. Қазақстанның бірінші ханымы тәуелсіздік алған күннен бастап 2019 жылға дейін осы ресми мәртебені иеленді.
2023 жылдың желтоқсанында жарық көрген мемуарларда Сара Алпысқызының жұбайы Нұрсұлтан Назарбаев: «Сара – жалғыз жарым емес» деп мәлімдеген еді. Ол Әсел Исабаевамен неке қиғанын да жасырмады. Дәл сол жылы Сара Назарбаева өзінің қыз күніндегі Қонақай тегіне ауысты.
Сара Алпысқызы республикалық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті, сондай-ақ «SOS — Қазақстанның балалар ауылдары» қорының президенті (австриялық SOS Kinderdorf International ұйымының филиалы). Осы балалар ауылдарының түлектерінің бірі — Рафаэль Гасанов Сара Назарбаева туралы өте жылы пікір айтқан.
Сара Назарбаева Қазақстанда «Өзін-өзі тану» атты білім беру жобасын ойлап тауып, іске қосты. 2001 жылы бұл бағдарлама мектептерде сынақ ретінде енгізілді. 2010 жылға қарай пән 184 оқу орнында оқытылды, ал 2011 оқу жылынан бастап міндетті пән ретінде енгізілді. Алайда 2022 жылы билік бұл пәнді таңдаулы (факультативті) ету туралы шешім қабылдады.
Жаңалықтар
- Тегеранға жасалған соққылар кезінде жараланған Хаменеидің кеңесшісі көз жұмды
- 25 млн теңге талап еткен: Жетісу облысында бұрынғы жігітін бопсалаған бойжеткен ұсталды
- Еліміздің әртістері миллиардтаған табыстан қағылып келген
- Тоқаев Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен Қазақстанның ұлттық бокс құрамасын құттықтады
- Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды
- Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді
- Қостанайда ер адам тұрғындарды алдап, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін сотталды
- Импортқа тәуелділік қашан азаяды? Мәжілісте мұнай-газ мәселесі көтерілді
- Баламды төртке бөліп тастапты: Бірін қабірге аттандырып, екіншісін мүгедек еткен 21 жастағы жүргізушіге сот жеңіл жаза берді
- Зеленский Ресейде Telegram-ның бұғатталуы туралы: Соғысты тоқтату үшін
- Украина Пасха мерекесіне орай уақытша бітімге келуге дайын екенін мәлімдеді
- Жетісудағы қатыгездік: Дәрігерді күрекпен аяусыз сабап тастады
- Шығын — 4 миллиард теңге: Аса ірі мөлшерде ұрлық жасаған «басшы» Грузиядан экстрадицияланды
- 4 мыңнан астам қоқыс үйіндісі анықталды: Лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды
- Ертеңнен бастап негізгі ҰБТ-ға өтініш тастауға болады: Тестілеу қашан басталады?
- Дикий Арман қырғыз моделімен ажырасып кетті
- Қаза тапқандар бар: Камчаткада жоғалған туристер табылды
- Тоқаев қазақстандық боксшы қыздарымызды Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
- Иран АҚШ пен Израильден өтемақы талап етпек
- Түркияда нөсер жаңбыр салдарынан екі адам қаза тапты