Санжар Жәркешов энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды

cover Фото: gov.kz

Үкіметі қаулысымен Санжар Жәркешов энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Санжар Серікбайұлы 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол «Қаржы» мамандығы бойынша Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, сондай-ақ АҚШ-тың Остин қаласындағы Техас университетін «Мұнай және газ инженері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары мұнай-газ саласында лауазымды қызметтер атқарды.

2022 жылдың наурызынан 2025 жылдың мамыр айына дейін – QazaqGaz басқарма төрағасы қызметінде болды.

Айта кетейік, Санжар Жәркешовтың орнына QazaqGaz басқарма төрағасы қызметіне бұрынғы энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов тағайындалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар