«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында 122 млрд-тан астам бұзушылықтар анықталды
Фото: әлеуметтік желіден
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ-дағы жоғары аудиторлық палата 122 млрд-тан астам бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Аудит қорытындысы бойынша, 351,8 млн қаржылық бұзушылықтар, 122,2 млрд қаражатты тиімсіз жоспарлау және пайдалану, 119 жүйелік кемшіліктер анықталды.
«Әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін бірқатар материалдар берілді. Ал анықталған бұзушылықтардың жекелеген фактілері бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді» деп хабарланды «Самұрық-Қазына» және оның еншілес ұйымдарында мемлекеттік активтерді пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит және стратегиялық басқару жүйесін бағалау қорытындысында.
Тексеру жұмыстары қордың корпоративтік орталықтарын, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп», Samruk-Kazyna Ondeu және басқа да бірқатар компаниялардың қызметін қамтыды.
Аудит барысында парламент депутаттары мен жұртшылықтың бірқатар сауалдары ескерілген екен. 2024 жылдың қорытындысы бойынша қордың компаниялар тобының кірістері 16, 5 трлн теңге болды. Ал холдингтің компаниялар тобы бойынша шоғырландырылған таза пайда 2, 4 трлн болған.
«Бұл ретте холдинг мемлекетке аудиттелетін кезеңде 2,37 трлн төледі, оның ішінде 779,9 млрд – дивиденд түрінде және 1,6 трлн. аударым түрінде. Осы төлемдерден басқа қор президент пен үкіметтің тапсырмаларын тағы да 673 млрд-қа іске асырды» деп жазылған қорытынды құжатта.
Сонымен қатар, аудиторлар қор компаниялары тобында стратегиялық жоспарлау мен басқарудағы кемшіліктерді анықтады.
Мемлекеттік аудиторлардың пікірінше, «Самұрық-Қазына» ішкі нормативтік құжаттарды жүйелеуге жеткіліксіз көңіл бөлген.
«Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесі жанындағы бес комитеттің үшеуі (стратегия бойынша, трансформация бағдарламасының іске асырылуын бақылау бойынша, мамандандырылған комитет), ал қор басқармасы жанындағы жеті комитеттің 2024 жылдан бастап екеуі жұмыс істемейді.
Аудит қорытындысы бойынша, бұл ретте инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингін түбегейлі күшейту қажет. Өйткені 2020 жылдан бастап 2024 жылғы 30 қыркүйекке дейін 175 жобадан тұратын қор тобы барлығы 49 жобаны аяқтаған.
Айта кетейік, Солтүстік Корея мектептерінде орыс тілі міндетті пән болып енгізілді.
Жаңалықтар
- Ауғанстанда су тасқынынан 100-ге жуық адам қаза тапты
- Иранда барлау қызметінің басшысы Маджид Хадеми көз жұмды
- Ақмола облысында бөгет жарылды: Қазіргі жағдай қалай?
- Атырауда 2-сынып оқушысын көлік қағып өлтірді
- Астанада Танагөз Толқынқызына қатысты тексеру аяқталды
- Алматы облысында 14 және 17 жастағы жасөспірімдер үй ұрлығымен айналысқан
- АҚШ пен Иран 45 күндік бітімге келуі мүмкін
- Әлкей Марғұлан: Мұрағат пен дала арасындағы ғалым
- Қазақстанда қандай кітаптарды сақтау қылмыс саналады?
- Прокуратура Жақсылық Омарға шыққан үкімге пікір білдірді
- Дағыстанды су басты: Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде
- Қарағанды облысында ішінде 50 адамы бар автобус аударылды
- Ақмола облысында бөгет жарылды
- Армения Ресей газ бағасын көтерсе, ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығатынын мәлімдеді
- Түркістан облысында бірнеше күн іздестірілген суға батып кеткен қыздың денесі табылды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы кейбір кемелердің өтуіне рұқсат берді
- АҚШ-та ирандық генерал-майор Сүлейманидің туысы ұсталды
- Алматыда жеке клиникада сүндетке отырған бала ауруханаға түсті
- Иран Кувейт, Бахрейн және БАӘ-дегі АҚШ-тың әскери нысандарына шабуыл жасады
- Қазақстан мен Қытай шекарасында бірнеше өткізу пункті жабылды