Самат Әбіш жазасын қалай өтейді

cover Фото: видеодан кадр

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш жазасын қайда және  қалай өтейтіні айтылды.

Бұл туралы ішкі істер министрлігінің басшысы Ержан Сәденов айтты.

Ішкі істер министрі Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің пробациялық бақылауға алынғанын мәлімдеді.

«Үкімге қатысты сұрақты судьяларға қою керек. Ол тұрғылықты жерінде және тиісті рәсімдерден өтеді. Пробациялық бақылау. Осының бәрі үкімде көрсетілген - ол елден шықпауы, тұрғылықты жерінде,  үйінде болуы керек»,- деді Сәденов.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар