Салық төлемегені үшін SCAT әуе компаниясынан аңшылық алқаптар тәркіленді
Компания 2019 жылы Түркістан облысында орналасқан аңшылық алқаптан жер алған.
Бұл туралы Бас прокуратура хабарлайды.
SCAT әуекомпаниясы 4400 гектар болатын аңшылық алқапты 20 жылға жалға алған. Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы тиісті қаулысы шыққан.
Әуе компаниясы жасалған келісімге сәйкес, салық кодексі бойынша жерді пайдаланғаны үшін төлемақыны жедел төлеуге міндеттелді. Дегенмен:
«Келісімшарт жасасқаннан бері SCAT әуе компаниясы жер телімін пайдаланғаны үшін бюджетке салық төлеген жоқ» деп хабарлайды Бас прокуратура.
Енді Түркістан облысының табиғи ресурстар басқармасы жалға алушы авиаторлардан жер телімдерін тәркілеу туралы ұйғарым шығарды. Бас прокуратура әуе компаниясына аңшылық алқаптардың не үшін қажет екенін нақтылаған жоқ.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды