Салтанаттың ағасы үкімдерді өзгеріссіз қалдыруды сұрады

cover Фото: Инстаграм Айтбек Амангелді

Марқұм Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді заң бұзушылықтарды сот емес, Бишімбаевтың қорғауышылары жасағанын айтты. 

«Рамазанов пен Құсайыновтың адвокаттары кешігіп келгендіктен сот залына кіргізілмеді. Осыдан кейін Ғазымжанов судьяға қарсылық білдірді, бұл процессуалдық заң бұзушылық болады. Егер рұқсат етілмейді деп танылған мәскеулік сарапшылар туралы айтатын болсақ, кейіннен қорғау тарап пікірталас аясында ресейлік сараптаманы пайдаланды», - деді Амангелді.

Жәбірленуші тараптың барлық адвокаттары шағымдарды қанағаттандырусыз, үкімдерді өзгеріссіз қалдыруды сұрады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар