Салтанат Нүкенованың мемориалдық қоры концерт ұйымдастырмақшы

cover Фото: Ашық дереккөзден

Билет сатып алғысы келетіндердің саны қазірдің өзінде 10 мың адамға жетті. Концерт туралы ақпарат қордың Instagram желісінде пайда болған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оларға көптеген қазақстандық өнерпаздар қолдау көрсеткен, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Концерт өтетін жер жақын арада белгілі болады.

Концерт 15 мамырда, Салтанат Нүкенованың туған күнінде өтеді. Жиналған барлық қаражат тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетуге жұмсалады.

Салтанат Нүкенованың мемориалдық қорын – оның ағасы ұйымдастырды, қор қызметі отбасында қатыгездікке ұшырағандардың барлығына көмек көрсетуге бағытталған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар