Сәкен Мамаштың ісі бойынша сот жабық өтеді
Фото: Orda.kz
Астанада экс-дипломат Сәкен Мамашқа қатысты сот процесі жартылай жабық форматта өтетін болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Мұндай шешімді жәбірленуші тараптың өтінішін ескере отырып судья Артур Абдыханов қабылдады. Соттың мәлімдеуінше, дайындық отырысы ашық өтеді, ал сот тергеуі – жабық есік жағдайында жүргізіледі. Қорытынды үкім көпшілікке ашық отырыста жарияланбақ.
Жәбірленуші Карина Госман бұған дейін қылмыстық іс материалдарында жеке өміріне қатысты интимдік мәліметтер бар екенін айтып, сот процесінің жабық болғанын сұраған.
«Менің екі балам бар. Олар ертең өсіп, сот жайлы оқыса, бұл оларға ауыр соғады», — деген еді ол.
Айыпталушы тарап, керісінше, сотты ашық өткізуді сұрады. Бірақ Сәкен Мамаш өзінің суреті мен жеке деректерінің жария болмауын өтінді.
Сонымен қатар, сот Мамаштың бұлтартпау шарасын жеңілдету туралы өтінішін қанағаттандырмады. Адвокат айыпталушының тергеуге кедергі келтірмегенін, елден кетпек болмағанын алға тартқан. Алайда сот Мамаш үкім шыққанға дейін қамауда қала береді деп шешті.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?