Сәкен Мамаштың әйелі көп жылғы жан түршігерлік азаптың жай-жапсарын айтып берді
Бейнежазбадан скриншот
Қазір Карина Мамаш балаларымен, әпкесі және анасымен Астанадағы дағдарыс орталығында жатыр. Соңғы рет ұрып-соғу салдарынан басынан қатты соққы алған Каринаның денесі көгеріп, көру қабілеті нашарлай бастаған, деп хабарлайды КТК .
Дипломаттың әйелі отбасындағы зорлық-зомбылықты оның жақын достары ғана білетінін айтады. Ол өз ата-анасынан, жақындарынан бәрін жасырған. Ол бәрі үйленген алғашқы күннен басталғанын айтады. Көбінесе күйеуі мас болған кезде агрессияға беріліп, қол көтерген.
«Мен қазір өзімді қауіпсіз сезінемін. Балалар анам, әпкем қасымда. Мен ұзақ жылдар бойы қорқынышпен өмір сүргендім. Ешқайда өтініш берген жоқпын. Оның туыстарының кейбірі бұл жағдайды біледі, мәселен жиені мені ауруханаға мұрынымды тіктіруге апарды. Әрине, олар менің ештеңе айтпағанымды қадағалады. Мен кетемін деп айтқан жоқпын. Мен оған барлық дәлелдерді интернетке салатынымды айттым, «мені ұруды тоқтатпасаң, түрмеге жабыласың» деп ескерттім. Ол күліп: «Маған бәрібір» дейтін, деп еске алады жәбірленуші.
Еске сала кетейік, Сәкен Мамаштың әйелі 6 мамырда әлеуметтік желіде күйеуінің 10 жыл бойы жүйелі түрде таяқ жеп келгенін жариялаған болатын. Бір күн бұрын, Каринаның айтуынша, күйеуі оны қонаққа келген әпкесімен қосып сабаған. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сәкен Мамашты шетелден шұғыл түрде шақыртып алды.
«Бұл адамдар айтпауды жөн көретін проблеманы ашатын өте өткір жағдай. Әйелдер шетелде тұруды сән-салтанат деп санайды. Дипломаттардың әйелдері оларға өте тәуелді, өйткені дипломаттарға шетелге барғаны үшін, әйелдері мен балаларының тұруы үшін төленетін «жәрдемақы» деген бар. Оның үстіне, бұл қаржының барлығы жұбайының емес, дипломаттың картасына түседі. Яғни, шетелдегі әйелдің жеке қаражаты жоқ. Сондықтан олар жұбайларына экономикалық тұрғыдан біршама тәуелді». Анна Рыль, «Қорғау Астана» қорының жетекшісі.
Жаңалықтар
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты