Саясаттан кеткен Бауыржан Байбектің немен айналысып жүргені белгілі болды

cover Фото: Forbes.kz

Алматының бұрынғы әкімі және «Нұр Отан» партиясы төрағасының экс-орынбасары Бауыржан Байбек шетелде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz Nege.Aqsha телеграм арнасына сілтеме жасап. 

Бауыржан Байбек 2 жылдан астам уақыт Араб Әмірліктерінде оқып, жұмыс істеген. Сонымен қатар, Қазақстандағы жобаларға шетелдік инвестицияларды тартумен айналысыпты. 

Экс-әкім соңғы 1,5 жылда Жапонияда жұмыс істеп жатыр екен. Ол жерде жапон капиталы мен ноу-хауын елімізге тарту үшін инновациялық жобаларды дамытып жатқан көрінеді. 

Бауыржан Байбек 2022 жылдың наурызынан бастап «онлайн» режимде жұмыс істеген. Ақмола облысында ең озық неміс технологиясын қолданып, Qazaq Kaolin компаниясының кеңесшісі болған. 

Айта кетейік, наурыз айында Бауыржан Байбек Жапонияда көзге түскен еді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар