Саида Мирзиёева президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысының арнасы
Президент әкімшілігінің басшысы лауазымына Саида Мирзиёева тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Шавкат Мирзиёевтің жарлығымен президент әкімшілігінің басшысы лауазымы қайта енгізілді. Бұл қызметке бұған дейін президенттің көмекшісі болған Саида Мирзиёева тағайындалды.
Саида Мирзиёева – Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің үлкен қызы. Ол 2019 жылдан бері саясатқа араласып жүр.
Gazeta.uz басылымының жазуынша, 2023 жылдың тамызынан бері Саида Мирзиёева президенттің көмекшісі қызметін атқарды. Оған дейін, 2022 жылдың қарашасынан бастап президент әкімшілігінің атқарушы аппараты жанындағы коммуникация және ақпараттық саясат секторының меңгерушісі болды. Бұл сектор бұрын әкімшілік басшысының орынбасары қызметін атқарған Комил Алламжонов басқаратын құрылымға кірген. Алламжонов қоғамдық пікірді зерттеу мен ақпараттық саясатқа жауапты болған.
Саида Мирзиёева – Дүниежүзілік экономика және дипломатия университетінің түлегі. Сонымен қатар, Ташкент мемлекеттік заң университетінің және Мәскеу мемлекеттік Ломоносов атындағы университетінің магистратурасын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды